ЖОБА "АТАУЫ ЖОҚ КӨШЕГЕ АТАУ БЕРУ ТУРАЛЫ"

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 22 қазандағы қорытындысы негізінде және Аймақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Аймақ ауылының атаусыз көшесіне Тыныштық Шәменов атауы берілсін.

2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Амандық ауылдық округі әкімінің м.а. Ж. Жукашев

 

 

08.02.2021
Қаралым саны: 2883
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzӘділет