«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешiмiнiң жобасына пресс-релиз

Осы нормативтiк-құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 9 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешiмдi қабылдаудың мақсаты-мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Амандық ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджет кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң ережелерiн және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi ескере отырып, 2017-2018 жылдардағы есептелiнген және төленген салық сомалары, 2019 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 52-1-бабының негiзiнде есептелген.

Амандық ауылдық округiнiң 2020 жылға арналған бюджет түсiмдерiнiң болжамды көлемi — 4156 мың теңге, 2021 жылға — 4364 мың теңге, 2022 жылға — 4539 мың теңге сомасында белгiлендi.

2020 жылға аудандық бюджеттен — 13318 мың теңге, 2021 жылға — 13419 мың теңге, 2022 жылға — 13568 мың теңге сомасында субвенция түсiмi жоспарлануда.

Амандық ауылдық округi бюджетiнiң жалпы көлемi 2020 жылға — 17474 мың теңгенi, 2021 жылға — 17783 мың теңгенi, 2022 жылға — 18107 мың теңгенi құрайды.

Нормативтiк-құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешiм жобасы «Электрондық үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.

Амандық ауылдық округiнiң әкiмiнiң м.а. К.Телтай

25.11.2019
Қаралым саны: 2254
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzӘділет