Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы (жоба)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 9-1,75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетi тиiсiнше осы шешiмге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның iшiнде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер — 17474 мың теңге:

салықтық түсiмдер — 4156 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер — 0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;

трансферттер түсiмi — 13318 мың теңге;

2) шығындар — 17474 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу — 0 мың теңге:

бюджеттiк кредиттер — 0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

қаржы активтерiн сатып алу — 0 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицитi) — 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) — 0 мың теңге:

қарыздар түсiмi — 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 мың теңге.

2. Амандық ауылдық округi бюджетiнiң кiрiстерi Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 52-1-бабына сәйкес салықтық және салықтық емес түсiмдер есебiнен қалыптасатыны белгiленсiн.

3. Аудандық бюджеттен Амандық ауылдық округiнiң бюджетiне берiлетiн бюджеттiк субвенцияның көлемi 11904 мың теңгенi құрайды.

4. Осы шешiм 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

24.11.2019
Қаралым саны: 2378
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzӘділет