Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35–бабының 2–тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Амандық, Аймақ, Ильичевка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Амандық ауылының атаусыз көшелеріне Жақан Сыздықов, Абылай хан, Тезекбай, Интернациональная атаулары берілсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Ильичевка ауылының атаусыз көшелеріне Нефтебазовская, Станционная атаулары берілсін.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі Аймақ ауылының атаусыз көшелеріне Шоқан Уәлиханов, Гагарина, Железнодорожная, Бейбітшілік, Юбилейная атаулары берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
​5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ауылдық округ әкімі Н. Тасымов

 

15.12.2022
Қаралым саны: 1164
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzӘділет