Ақпараттық хабарлама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-1-бабына және фермерлiк немесе шаруа қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану «жалға» құқығын беру бойынша Ережелерiне сәйкес, 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша қайта конкурс өткiзедi.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк он бес күн кезеңi бойынша қайта конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 10 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2019 жылдың 17 маусымынан бастап 2019 жылдың 28 маусымын қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күнi нәтижелердi шығарған күн болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында 2019 жылдың 01 шiлдесiнде сағат 10.00-де конкурстық өтiнiмдермен конверттердi ашу және нәтижелердi қорытындылау жүргiзiледi.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.
  6. банкiлiк кепiлдiк немесе тартылған инвестициялар көлемiн растау туралы қаржылық институттың несиелiк комитетiнiң оң шешiмi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыным, нөмiрленген беттерiмен, тiгiлген түрде, жабық конвертте ұсынылады, оны «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларынан басқа.

Конкурстық ұсыныммен жабық конвертте «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс» және «2019 жылдың «01» шiлдесiне дейiн: Ашылмасын» жазбасы көрсетiледi.

Талаптарға сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдануға жатпайды.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкiмiнiң www.tsh.sko.gov.kz, «СҚО Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ
www.ozo-tsh.sko.gov.kz сайтында немесе 8(71536)2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады. 

Қосымша (DOC 44 Kb)

31.05.2019
Қаралым саны: 2389
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиruh.kzӘділет